Тәртіп сақшысы самбодан әлем чемпионы атанды
Алматы полицейі самбодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25-27 қазан күндері Тәжікстанның Душанбе қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатында Алматы қалалық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Айбек Атажанов бірінші орын алды.
Жарысқа 50 елден өкілдер қатысты. Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын медальді алды.
Ал 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ ротасының командирі Ербол Байбосынов тамаша нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы