ТарМПУ түлектері грантқа және қос дипломға ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті бұрын-соңды болмаған жаңа жобаны жүзеге асырады.

Бұдан былай ҰБТ-да максималды балл жинаған, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар және конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларының, өмірін ұстаздық жолға арнаймын деген үздік мектеп түлектерінің университет грантын алу мүмкіндігі бар.

Университет тағайындайтын гранттың өз артықшылықтары бар. Атап айтсақ, тегін оқумен қатар арнайы белгіленген шәкіртақы қоса беріледі және ТарМПУ-дың ең жақсы шетелдік серіктес университеттерінде (Германия, Польша, Түркия, Оңтүстік Корея және Ресей) 1 жыл білім алып, қос дипломды еншілейді. Аталған жобаның мақсаты – аймақтың зияткерлік әлеуетін нығайту, халықтың педагогикалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру. Жобадағы басты шарт – болашақ ұстаз облыстағы мектептерде кемінде 3 жыл мұғалімдік міндетін атқаруы тиіс – делінген университет таратқан ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық кеңесінде мектеп түлектеріне ТарМПУ тарапынан 50 грант бөлінетіндігін тілге тиек етіп, университетті еліміздегі басқа жоғары оқу орындарына үлгі ретінде айтып өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы