6 Тамыз 2026, 16:25 Фото: cts.gov.kz

Tarlan Astana Қосшыға бет алды: Желі құрылысында алғашқы арқалық орнатылды

Tarlan Astana желісінің алғашқы арқалығы арнайы көпір орнатқыш техникамен көтерілді.

Қосшы қаласы бағытындағы Tarlan Astana жүйесі желісінің құрылысы аясында тұңғыш рет DF30/245 маркалы арнайы көпір орнатқыш техникасы іске қосылды. Бүгін оның көмегімен алғашқы темірбетон арқалық көтеріліп, орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жабдық жұмыстың толық циклін атқарады: арқалықты көтереді, оны эстакада бойымен арнайы техникамен жылжытады және тіректерге орнықтырады. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Ол көлік қозғалысын шектеу қажеттілігін барынша азайтып, аралық құрылымдарды монтаждау жұмыстарын едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

cts.gov.kz

Tarlan Astana жобасы үшін жүк көтергіштігі 245 тонна болатын көпір орнатқыш алдын ала кернелген темірбетон арқалықтарды монтаждау талаптарын ескере отырып арнайы жобаланып, дайындалған. Техника зияткерлік басқару жүйесімен және қашықтан басқару пультімен жабдықталған. Бұл жұмыстың жоғары дәлдікпен және қауіпсіз атқарылуына мүмкіндік береді. Құрылыс барысында ауыр темірбетон конструкцияларымен жұмыс істеуге арналған MGA сериясындағы екі арқалықты көпірлі крандар да қолданылып жатыр. Мұндай мамандандырылған техниканы пайдалану сапа мен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтауға мүмкіндік туғызады, - деп хабарлады компанияның баспасөзьқызметі. 

Еске салайық, бұған дейін LRT Қосшы мен ескі вокзалға дейін ұзартылатыны хабарланды