Тарихи сана - ұлттық бірегейліктің бір бөлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тарихи сана - ұлттық бірегейліктің бір бөлігі. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» халықаралық конференциясында айтты.

Соңғы онжылдықтар қоғамның өз тарихына деген қызығушылығының заңды өсуімен ерекшеленді. Бұл - егемен мемлекеттің қалыптасуы жағдайында ұлттық бірегейлікті іздеуден, этникалық сана-сезімнің көтерілуінен туындаған объективті процесс. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2007 жылғы Сирияға сапары кезінде "тәуелсіздік жағдайында ғана біз өз тарихымызды қалыптастыруға, әлемнің барлық өңірінен дереккөздерді жинап, зерттеуге кірісе алдық" деп атап өткен болатын, - деді Еркін Әбіл.

Профессор айтқандай, тарих - ғылым ғана емес. 

Тарихи сана - ұлттық бірегейліктің бір бөлігі. Егер қоғамды күрделі жүйе ретінде қарастырсақ, оның элементтері горизонтальды - әртүрлі әлеуметтік байланыстар арқылы ғана емес, сонымен қатар, тігінен де, яғни уақытпен байланысты болса, вертикальды байланыстардың функциясын дәл осы тарихи сана атқарады. Ол арқылы қоғам өзін-өзі сәйкестендіреді, әлемдік тарихи процесте өз орнын анықтайды, - деді ол. 
Ол атап өткендей, тарих ғылымы мен тарихи сананың ерекше рөлін Елбасы 90-жылдардың соңында атап өтті. 
Ол ұлттық консолидация мен тарихи жады арасындағы тікелей байланысты 1997 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында негіздеді. Кейін 1999 жылы жарық көрген "Тарих толқынында" деген жұмысында ол "біздің ұлттық-мемлекеттік саясатымыздың негізгі шарты - өзін-өзі тану мәселесі" деп жазған болатын. Өз тәуелсіздігін алған қай мемлекет болмасын алдымен тарихын қайта зерделейтіндігі баршаға мәлім. Елбасының тарихты тану, аға ұрпақты, ата дәстүрді құрметтеу, мәдениетті қолдау жөніндегі бастамалары ұлттық менталитетті, мәдениет пен өнерді, әдебиетті көтеруге қызмет ете отырып, ұлттық рухты күшейтіп, рухани сілкініс тудырған шарлардың басы болды, тарихты әр қырынан жазатын зиялы қауым өкілдеріне үлкен шабыт берді. Енді біздің алдымызда Елбасының тарихи сананы қалыптастыру мәселесімен байланысты шығармашылық-ғылыми мұрасын зерттеу міндеті тұр, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы