Тарихи сәттің куәсі болдық – Б.Хаменова

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Нұр-Сұлтан қаласы атанғанына Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова шүкіршілік етті. Тарихи сәттің куәсі болған қазақ еліне балталаса да бұзылмайтын бірлік тіледі.

«Бүгін тағы бір тарихи сәттің куәсі болдық. Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаетың Жарлығы шықты. Тәубе дейміз. Дүние ала-сапыран болып жатқан мына заманда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясаты мен даралығын, даналығын көріп келеміз. Қашан да көрегенділігімен ерекшеленген Елбасының бұған дейін қабылдаған шешімі берекесімен болады деп сенеміз. Жалпы ойшылдарымыз айтқандай халықтың ұлылығы тек қана еңбегінде, мәдениеті немесе күресінде емес, сонымен бірге ол халықтың ұлылығын дәлелдеген, соны бүкіл дүниеге паш еткен перзенттерін тани білуінде, соларды құрмет тұтуында деген. Қазақ елі, жұрты құрмет тұттық. Қазақстан мемлекетін әлемдік аренада танымал елге айналдырған Тұңғыш Президенттің еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды»,-деді «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Бақытгүл Хаменова.

Бұған дейін де азаматтық позициясын айтып жүрген Мәжіліс депутаты елімізді тек ауызбіршілік қана сақтайды деген пікірде.

«Елбасы барлық құрметке лайық ұлы тұлғасы деп білемін. Бүгінгі берген баға ел-жұрттың, әлемнің берген бағасы десек те болады. «Бізге балталаса да бұзылмайтын берік ауызбіршілік керек» деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, бар қазақтың ендігі міндеті ынтымақта, Елбасы межелеп берген биіктіктен түспеу деп білемін»,-деді Мәжіліс депутаты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы