Тарихты зерттеп жүрген жастарды қолдауды күшейту керек – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Алжир» мұражай-мемориалдық кешенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жас тарихшылармен кездесуінде айтты. 

Мемлекет тарапынан жастарға қолдау көрсету мәселесін күшейту керек сияқты. Оның ішінде гуманитарлық саладағы тарихты зерттеп жүрген жастарды қолдау керек. Сондықтан осы кездесудің қорытындысы бойынша арнайы жоба ұйымдастырсақ болады. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссияға ғылыми тұрғыдан әрбір жас өзінің үлесін қосса, комиссияның жұмысы жанданады, - деді Балаева.

Министр жастардың пікірі мен ұсыныстарын да тыңдау қажетін айтты.

Біздің мақсат - осы жерде айтылған бастамаларды нәтижесіз қалдырмау. Әрі қарай да қоян-қолтық жұмыс істеп, бірге зерттеу жүргізіп, көптеген тарих бетін бірге жүзеге асыру мәселесі тұр. Бұл - үлкен бір жоба. Сол жобаны бірлесе жүзеге асырсақ, үлкен үлесімізді қосамыз деген ойдамын, - деді министр.

Айта кетейік, кездесуге жас тарихшылар мен ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссияның өкілдері, ғылыми-зерттеу орталықтарының, мұрағаттар мен музейлердің қызметкерлері қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы