Тарихта тұңғыш рет қазақ спортшысы каратэден әлем чемпионы атанды

Отандық каратэ шебері Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз финалда Италия спортшысын жеңді. Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен тізе бүктіріп (11-3), сенсация жасаған еді.

Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет әлем біріншілігінде топ жарды.

Бұған дейін ересектер арасында бізден WKF каратэден әлем чемпионы шықпаған. Жастар, жасөспірімдер санатында жеңімпаздар бар.

Отандасымыз жуырда ғана Азия ойындарынан елге күміс жүлдемен оралған.

Ал Қайсар Алпысбай (60 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы