Тарихта алғаш рет Байқоңырдан кино экипажы бар зымыран ұшырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ғарыш стансасынан аттанған экипаж мүшелері ғарыштағы алғашқы көркем фильмді түсіреді деп жоспарланып отыр.

Ұшу мерзімі өте қысқа, кестеге сәйкес 3 сағаттан кейін ғарыш стансасымен түйісу болады.

Экипаж құрамында ресейлік актриса Юлия Пересильд, режиссер Клим Шипенко және ғарышкер Антон Шкаплеров бар. 

Олар орбитада 12 күн өткізіп, «Шақыру» атты көркем фильмді түсіреді. Фильм тасымалдауға келмейтін шұғыл операцияға зәру науқас ғарышкер туралы оқиғаны баяндайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы