Тарихшы қазақ халқының нәсілдік ерекшелігін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкеннің тарихи романдарын талқылауға арналған «тарихи шындық пен көркемдік әлемнің тоғысуы» атты ғылыми семинар өтті.
Ұлттық университет жанында өткен жиынға қазақ әдебиеті мен тарих кафедраларының аға оқытушылары мен студенттер қатысты.
Іс-шарада Тұрсынхан Зәкең талқылауға арналған тақырыпты неге «тарихи шындық пен көркемдік әлемнің тоғысуы» деп алғанын түсіндірді.
Тарихтан бөлек әдеби шығамашылыққа да бар адаммын. Бұл менің қосқанатым іспетті. Сол себеті бүгінгі іс-шараның атында «тарихи шындық пен көркемдік әлемнің тоғысуы» деп беріп отырмыз. Менің әдебиетте жазып жүрген туындыларымның бәрі де әдебиеттегі шығармаларым. Мен осы уақыт дейін «Көк бөрілердің көз жасы», «Мәңгітас», «Балқан тауға барғандар» атты еңбек жаздым. Олар халқымыздың сан ғасырлық тарихын арқау етіп, соны көркемдік тұрғыдан халыққа жеткізуді мақсат еткен туындылар.
Іс-шарада ғалымның үш кітабына қатысты пікірлер айтылды. Сондай-ақ Тұрсынхан Закен өз туындыларында көбіне көне түркі дәуірінің тарихын қамтитынын айтты.
Бүгінгі семинар біздің оқу ордамыздыңтарихында сирек кездесетін жағдай. Себебі әр факультет, әр мамандық оқытушыларының бірлесе жүріп осындай семинар ұйымдастыруда. Меніңше, бұл керемет бастама. Мұны пәнаралық байланыс деуге әбден болады. Осылайша біз Жаңа Қазақстанның алға қойған перспективалары бойынша алдымызға жаңа жобалар мен міндеттер қойып отырмыз. Осы бағыттарда орай біздің зерттеулеріміз де жақсарады деп ойлаймын, - деді жазушы.
Сонымен қатар шара барысында Тұрсынхан Закен түркі тектес халықтарының байырғы бет-бейнесі қандай болған деген журналист сұрағына жауап берді.
Түркі тектес халықтар негізінен азиялықпыз. Алайда біз моңғолоидтық нәсілмен еуропалық нәсілдің оңтүстік сібір еуропеоид пен ертедегі монғолоидтардың бірнеше ғасырлар бойы өзара араласуынан пайда болған метистік оңтүстік сібір — тұраноид типіне жатамыз, - деді тарих ғылымдарының докторы.