Тарихи жекпе-жектің нүктесі қойылды

Лас-Вегаста болған тарихи трилогияда мексикалық Сауль "Канело" Альварес Генадий Головкинді жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төрешілер шешімі 116-112; 115-113, 115-113 есебімен  бүкіл раундта жеңіс Канелоға берілді. 

Осылайша, «Канело» екінші орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулерін қлоғап қалып, абсолют чемпион атағын қорғап қалды. 

Мексикалық боксшы екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы титулын қорғап қалды. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBO, IBA және WBA белбеулері сарапқа салынбаған, сондықтан бұл титулдар GGG еншісінде қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы