Тарихи қателікті түзеуге мүмкіндік бар: Депутат референдум атауын өзгертуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Конституциялық комиссия отырысында республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комиссия аясында тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан референдум нысаны “халықтың бірлігі – референдум өткізудің негізгі талабы” деп өтілуі керек. Осыған байланысты атауын республикалық референдум орнына халықтық ұлттық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады, – деді Мұрат Әбенов.

Еске салайық, бұған дейін депутаттың Қазақстандағы сөз бостандығы туралы пікірін жариялаған едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы