23 Маусым 2025 2025, 19:09 Фото: ВВС/ Вера С. Рубин обсерваториясы, NSF-DOE

Тарихи кадр: Жаңа телескоптан ғарыштағы алғашқы суреттер жарияланды

Чилиде жаңа революциялық телескоптан ғарыштағы алғашқы суреттер жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Чилиде жаңа революциялық телескоптан ғарыштағы алғашқы суреттер жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Чилидің Анд тауларындағы Серро-Пачон үстінде орнатылған Вера С. Рубин обсерваториясының қуатты телескопы алғаш рет ғарыштың тереңінде жасалған суреттерді жариялады. Олар 9 000 жарық жылы қашықтықтағы газ бен шаң бұлттарын көрсетті – жұлдыздардың пайда болу аймағы көркем бейнеленген.

Фото: ВВС/ Вера С. Рубин обсерваториясы, NSF-DOE

Жаңа телескоп туралы не білеміз?

• Бұл телескоп 10 жыл бойы күн сайын түнгі аспанды зерттеуге арналған "Кеңістік пен Уақытты зерттеу" жобасының негізгі элементі болады.
• Ол Күн жүйесіндегі 9-планетаны, Жерге қауіпті астероидтарды анықтайды, сондай‑ақ біздің Құс жолы галактикасын толық картаға түсіреді.
• Дәстүрлі үш айна (8,4 м, 3,4 м, 4,8 м) көмегімен аспаннан түсетін жарықты камераға бағыттап, 3200 Мп ажыратымдылыққа дейін дәл бейне береді – бұл iPhone 16 Pro камерасынан 67 есе көп.
• Бір ғана кадрды көрсету үшін 400 Ultra HD теледидар экраны қажет деседі.

Фото: ВВС/ Вера С. Рубин обсерваториясы, NSF-DOE

Шотландия корольдік астрономы, профессор Кэтрин Хейманс  астрономия ғылымындағы шынайы төңкеріс екенін атап өтті.

Бұл – астрономиядағы шынайы төңкеріс. Біз онжылдықтар бойы құрастырған жобаға бүгін қол жеткіздік, – дейді профессор Кэтрин Хейманс.

Фото: ВВС/ Slac ұлттық үдеткіш зертханасы

Зерттеушілер әлем бойынша 10 миллионнан астам сигналды түнде байқау жоспарында. Оның мақсаты – ғарыштағы уақытша өзгерістерді, алыстағы галактикаларды, экзопланеталарды зерттеу, сондай-ақ құпия "қара материя" туралы жаңа деректер жинау.

Фото: ВВС/ Вера С. Рубин обсерваториясы, NSF-DOE

Бұл телескоптың бірегей артықшылығы – біржолғы емес, үздіксіз мониторинг, яғни өзгерістер байқалған кезде жүйе автоматты түрде хабар таратады.

Вера Рубин обсерваториясы – астрономиядағы жаңа кезеңнің басы. Бұл телескоп Ғарышты 10 жыл бойы үздіксіз бақылап, кейінгі ғылыми буынға құнды мәлімет беретіні күтілуде.