Тарихи әділеттілік орнады. Мирзиёев Қарабақ туралы айтты
Бұл туралы елордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өзбекстан басшысы өз сөзінде Тоқаевқа саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы қазір өзінің белсенділігін арттырып келеді. Сондай-ақ бауырлас елдердің байланысы одан сайын берік бола түсуде, - деді ол.
Шавкат Мирзиёев Қазақстанды Республика күнімен және Түркияны 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Бауырлас Әзербайжан халқы түркі әлемінде лайықты құрметке ие. Соңғы жылдары Ильхам Алиевтің бастамасымен орасан жетістіктерге жетіп жатыр. Тарихи әділеттілік орнады. Соның арқасында Қарабақ Әзербайжан елінің бір мүшесі болды, - деп атап өтті Өзбекстан президенті.
Ол Әзербайжанда болғанында инфрақұрылымдық, мәдени нысандардың қайта қалпына келтірілгенін байқағанын атап өтіп, Әзербайжанды толыққанды аумақтық тұтастығын қайта қалпына келтіруімен құттықтады.
Айта кетсек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Бұған дейін Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының мақсатын атады.