15 Наурыз 2024 2024, 14:12 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Тарих: Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогінің жеңімпазы атанды

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. 

Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.

FIS кубогы

  1. Данил Васильев - 249.4 ұпай
  2. Мартин Хамам - 247.5 ұпай
  3. Ульрих Волгенант - 246.5 ұпай

13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.