"Тариф қымбаттап жатыр": Мобильді операторлар сапасы қашан жақсарады?

Бұл туралы БАҚ өкілдері Сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтен сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байланыс операторларына талап қойылғаны дұрыс. Біз де Үкімет ретінде талапты күшейтіп жатырмыз. Секундына минималды мегабит көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізу бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз,- деді ол.

Бірақ министр заң бойынша тариф бағасын көтеруге шектеу қоя алмайтынын түсіндірді.

Біз Кәсіпкерлік кодекс бойынша бағаларды реттей алмаймыз. Тыйым салу мүмкін емес, әйтпесе олар қалай инвестиция салады? Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты,- деді министр.

Сондай-ақ Жаслан Мәдиев мобильді интернет тез бітіп қалмас үшін Wi-Fi-ға қосылып жүруге кеңес берді.

Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін, – деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы