Тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейтіледі - Аймағамбетов
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі балабақшалардың қолжетімділігі мен сапасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін, жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады. Балалардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылды, - деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министр балабақшада баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдайлар қарастырылатынын атап өтті.
Айтуынша, жаңа модельге сәйкес балалар коммуникативті, өзіне сенімді, қиындықтарға төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын, отансүйгіштік, еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп балабақшадан тәрбиеленіп шығатын болады.