Тәрбиешілердің жалақысы, тегін тамақ. Балабақшаларда не өзгереді?
Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев балабақшаларда енгізілетін бастамалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқу-ағарту министрі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде 3,7 млн оқушының сапалы білімі мен саналы тәрбиесі, өмірінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керектігін айтты.
Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби адамудың жаңа нысандарын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту, жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз, - деп айтты министр.
Бейсембаевтың айтуынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз ету қолға алынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Былтыр қанша директор ротацияға ілінді
Өзгелердің жаңалығы