Тәрбиеші болған: Екі баласын өлтірді деген әйелге қатысты тың дерек шықты
Түркістанда екі баласын жауыздықпен өлтірді деген әйелге қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Деректерге сүйенсек, ол Қызылорда облысы Шиелі ауданы А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейін білім беретін сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұл ақпаратты Шиелі аудандық білім бөлімі растады.
Оқиға соңына дейін тергелген жоқ, ешқандай нақты ақпарат ұсынылмады. Артық ақпарат пен болжалдарды таратпауға шақырамыз. Егер сіз ол адамды көрсеңіз, бұл туралы құзыретті органдарға хабарлауыңызды сұраймыз, - деп пікір білдірді білім бөлімінен.
Еске сала кетейік, Түркістанда екі кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен әйелге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы