"Тәрбиелеу мақсатында ұрдым": Жасөспірімге қол көтерген зейнеткер жазаланды

Жамбыл облысында зейнеткер жасөспірімге қол көтерген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 2025 жылдың сәуір айында Құлан ауылында болған. 

Тергеу материалдарына сәйкес, зейнеткер жасөспірімді қолынан ұстап, бірнеше рет бетінен жұдырықпен және шапалақпен ұрған. Өз әрекетін ер адам "тәрбиелеу мақсатында жасадым" деп түсіндірген.

Сот отырысында ҚК 109-1-бабы 2-бөлігінің тармағы бойынша (Кәмелетке толмағанның денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу) зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Зейнеткер кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал жәбірленушінің заңды өкілі оны кешірмейтінін мәлімдеді.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде ішінара кінәні мойындауын, ІІІ топтағы мүгедектікті және сотталушының оң сипаттамасын таныды. Сот үкімімен зейнеткер Т. ҚК 109-1-бабы 2-бөлігінің тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, - деп жазылған Тұрар Рысқұлов ауданы сотының хабарламасында. 

Қазіргі уақытта айыппұл өз еркімен толық көлемде төленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін ақмолалық әйел ұлын күрекпен ұрып, саусағын сындырғанын хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы