Шығыс Қазақстанда балалар театры ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта «Тамшы» балалар театры ашылды, деп хабарлады Алтайньюс.

Театр режиссері Бейбіт Құсанбаевтың айтуынша, осыдан жеті-сегіз ай бұрын бұл үйірме ретінде ашылған. Кейіннен маңайдағы ауылдардан келіп қатысушы балалар қатары көбейді.

«Ел іші – өнер кеніші» деген бар. Ауылда талай талантты бауыр-қарындастарым жүр. Мен осы ауылға келіп, жастарды өнерге баулуға шешім қабылдадым. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ежелгі сөзді әсте ұмытуға болмайды. Туған жердің жөні бөлек", – дейді Бейбіт Құсанбаев.

Жас театр азғана уақыт ішінде халықаралық байқаулардан да жүлде алып үлгерген. Оған қоса қайырымдылық кештерін де өткізіп тұрады. 

"Театрдың 60-қа тарта мүшесі бар. Болашақта ісімізді жалғастырып, облыстың бас балалар театры атанғымыз келеді", – дейді режиссер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы