Тарбағатай тұрғыны 700 келіден астам көксерке балығын заңсыз тасымалдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тиісті құжаттарсыз көп мөлшерде балық тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлады altaynews.kz.

Маусым айының ортасында патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автожолында, Көкпекті ауылына кіре берісте «Toyota» автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында Тарбағатай ауданының тұрғыны, 32 жастағы жүргізушінің рұқсат құжатынсыз 745 килограмнан астам балық, оның ішінде 713, 85 кг көксерке, алты килограмнан астам шортан және 20 килограмнан астам мөңке балығын тасымалдағаны анықталды. Аталған факті бойынша Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Айта кету керек, бұл «Омбы – Майқаншағай» тас жолында балықты заңсыз тасымалдаған алғашқы жағдай емес. Осыған байланысты, ШҚО Полиция департаменті Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы