Тарбағатай тұрғыны 1 тонна балықты заңсыз тасымалдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарбағатай тұрғыны 1 тонна балықты заңсыз тасымалдаған, деп жазды Аltaynews.kz.

Өткен айда патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Өскеменде Тоғас-Аязбаев көшелерінің қиылысында Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Жүргізушінің көлігін тексеру барысында тиісті құжаттары жоқ бірнеше қап әртүрлі балық түрін көреді. Жүргізушінің айтуынша, балықты Жарма ауданынан әкеле жатқан.

Қаптарда 905 кг көксерке, салмағы 30 кг шортан, 29 кг сазан, 119 кг табан және торта балығы - 30 кг балық түрлері бар екені анықталды. Балықтың   жалпы салмағы 1 113 кг құрады.

Қаскөйге қатысты келу міндеттемесі түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335 - бабы 1-бөлігі «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,- деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы