22 Тамыз 2026, 02:27 Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсті

Арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.

Қазақстанның Тарбағатай тауларында Қызыл кітапқа енген арқарлар фототұзаққа түсіп қалды. Кадрлардан таулы беткейлермен қозғалып, суатқа келген жануарларды көруге болады.

Арқарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.

Мамандардың фототұзақ арқылы жүргізетін бақылауы сирек кездесетін жануарлардың тіршілігін зерттеп, олардың мекендеу аумағын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Үстірт қорығында Алтынкөз барысы фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.

Сонымен қатар «Іле-Балқашқа» Амур жолбарысы жіберілгенін хабарладық.