Тарбағатай ауданында биыл 6 медициналық пункт салынады – ШҚО

Тарбағатай ауданында биыл 6 медициналық пункттің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша жаңадан 9 медициналық пункт құрылысы жоспарланған, оның 6-уы биыл жүзеге асырылмақ, – деп атап өтті аудан әкімі.

Сондай-ақ Құйған және Тәуке ауылдарындағы медициналық пункттерді күрделі жөндеуге 170,0 млн теңге қаржы бөлінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы