Тараздық полицейлер 18 жастағы жігіттен арнайы қорғаныс құралдарын тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен қала аумағында қару-жарық пен оқ-дәрілерді іздестіру кезінде жалға алынған пәтерлердің бірінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдары табылды.

Пәтерді жалға алушы 18 жастағы жігіт аталған заттарды орталық алаңда болған тәртіпсіздік кезінде ұрлағандығын мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары мен оның жаппай бассыздықтарға қатыстылығы тексерілуде. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы