Тараздан Ақшолақ стансасына жолаушылар автобустары жөнелтілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пойыз жолаушыларын Тараздан Ақшолақ стансасына жеткізіп, ары қарай автобустармен тиісті бағаттарға отырғызып жіберіп жатыр.

Таңертеңнен бері онға жауық автобус жөнелтілді. 




 
Қазір тағы екі автобус жолға шыққалы тұр. Жолаушылар көлігі толғасын Ақшолаққа жол тартады.


Еске сала кетейік, осыған дейін полицейлер пойыз жолаушыларын Жуалы бекетінен Шуға дейін жеткізіп жатқаны туралы хабарлағанбыз.


Қайнар ауылындағы әскери қойманың өртенуіне байланысты тоқтап қалған пойыз жолаушылары Жамбыл облыстық Полиция департаменті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жеткізіледі. 



Қазіргі сәтте 500-ге жуық адам автобуспен Шу бекетінен Луговойға дейінгі тасымалдау орнына жеткізіледі. 











Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы