Тараздағы жедел штаб жұмысы қалай жүріп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі Тараздағы жедел штабтың жұмысы туралы мәлімдеме жариялады.
Бүгін Тараз гарнизонына сапар барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге хабарсыз-ошарсыз кеткен әскери қызметшілер мен ТЖД өрт сөндірушілерін іздеу жұмыстарына қатысты.
Олар техникалық аумаққа барып, оқиға орнын қарап, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын залалсыздандыру және іздестіру бойынша іздеу жұмыстарының барысымен танысты.
Із-түссіз жоғалған ТЖД өрт сөндірушінің денесі табылды. Саперлерді, техниктерді және із кесуші иттерді жұмылдыру арқылы жұмыс тоқтамай жүруде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылдың қырғыз тіліне аударылған шығармалары таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы