Тараздағы жарылыстың себебі анықталды

Тараз қаласы әкімдігі кешеге жарылыстың себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік кеше 21:41 кезінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Қарасу шағынауданы 26-үйдің кіреберіс асфальтты жабыны жарылып, от шыққан еді.

Қалалық газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысымен зерттеп, ол жерден газ құбыры өтпейтінін және газ жарылмағаны жөнінде қорытынды жасады.

Өзге коммуналдық қызметтер де өз желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде кеше сағат 21.44 кезінде Тараз қаласы «Самал» мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық «Рысбек» подстанциясындағы 414 ұяшықтан шығып № 10-шы тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жерасты кабелі істен шыққаны белгілі болды.

Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде сөніп, жерасты кабелі электр қуатынан ажыратылған.

Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға болған жерден өтеді.

Сағат 22.47-де жарықсыз қалған 10 мөлтекауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келді.

Апаттық жағдай болған жерасты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы