Тараздағы Төле би даңғылына Назарбаев атауы берілді
Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың бүгінгі кезектен тыс 33-сессиясында мәлім болды.
Тараздағы ірі даңғылдардың бірі болып табылатын Төле би даңғылы Назарбаев деп атауын өзгертті. Сонымен қатар, Тараз қалалық әкімдік пен мәслихат тарапынан жасалған ұсынысқа сәйкес, ендігі ретте Ташкент көшесі Төле би деп аталатын болады.Айта кету керек, Төле би даңғылының бойында ҚР Тұңғыш Президентінің саябағы, Мәңгілік ел монументі секілді бірқатар нысан бар. Оның ұзындығы 6 шақырымнан асады.
Еске салсақ, бүгін Президент ретінде халық алдында ант қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы ірі көшелердің бірін Елбасының атымен атау жөнінде ұсыныс жасаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы