7 Шілде 2026, 00:05
Фото: Скриншот
Тараздағы өндірістік цехтан өрт шықты
Өртті жою жұмыстарына 10 техника мен 36 қызметкер жұмылдырылды.
Тараз қаласында пескоблок өндіретін цехтан шыққан өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жедел түрде ауыздықтады.
Оқиға Сыпатай батыр көшесінде орналасқан бір қабатты өндірістік цехта болған. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.
Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынның таралуына жол бермеу және оны толық сөндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт 350 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Өртті жою жұмыстарына 10 техника мен 36 қызметкер жұмылдырылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
- Ақтөбеде анасын өлтірді деп айыпталған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды 22:54
- Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер ұсынылмақ 22:23
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20