Таразда жүргізуші куәлігін "сатқан" алаяқтар сотталды
Таразда мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу кезіндегі заңға қайшы орын алған фактіге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Ж.Е.Мамырайымов пен Е.Б.Дәулетке алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.
Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде ақшаны иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды. Үкім заңды күшіне енді, - делінген ведомство хабарламасында.
Антикор қабылданып жатқан шаралар аясында, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды рәсімдеу бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы