Таразда жойқын жарылыс болды
Таразда Қарасу шағын ауданындағы көпқабатты үйдің маңында газ жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.
“Қарасу” (5) шағын ауданы, 26-үйдің кіре беріс асфальтты жабындысы жарылып, жердің дүмпіп, оттың лап етіп өшу оқиғасы орын алды. Қалалық газ шаруашылығы қызметі газталдау құрылғысымен зерттеп, газ құбырының өтпейтінін және газ жарылмағаны жөнінде қорытынды жасады. Басқа коммуналдық қызметтерде өздерінің желілерін зерттеп, жасалған қорытынды нәтижесінде Тараз қаласы Самал мөлтек ауданында орналасқан 110/6 кВ-тық "Рысбек" подстанциядағы 414 ұяшықтан шығып 10-шы тарату пунктіне баратын жоғары кернеулі жер асты кабелі істен шыққаны анықталды, -делінген хабарламада.
Авариялық өшу кезінде ұяшық автоматты түрде өшіп, жер асты кабелі электр қуатынан ажыратылған. Бұл 110/6 кВ-тық электр кабелі оқиға орын алған жерден өтеді. Жарықсыз қалған 10-шы мөлтек ауданда резервті желілермен электр қуаты қалпына келтірілді.
Апаттық жағдай орын алған жер асты кабелі тоқтан ажыратылып, қауіпсіз жағдайға келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.