Бүгiн 2026, 07:10
Фото: pexels.com
Таразда жер сілкінді
Қаза тапқандар мен қираулар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станция желісі 4 шілдеде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:40-та жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 413 км жерде, Қазақстанда орналасқан.
Жер сілкінісінің қарқындылығы туралы ақпарат:
Тараз – 2 балл.
Қаза тапқандар мен қираулар туралы хабарламалар түскен жоқ.