Таразда «Жасыл белдеу» жобасымен 48 га жерге тал егіледі
Жобаға сәйкес «Жасыл желек – жердің көркі» жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 48 га жерге 55 мың тал көшеттерін отырғызу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгіленген жер – «Құмшағал» бас су тоғанының жанындағы санитарлық қорғау аумағы, қаланың 15 шағын ауданы мен өндірістік алқаптар.
Қала көшелерін абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2023 жылы – 3 мың түп; 2024 жылы – 5 мың түп; 2025 жылы 5 мың түп үш, бес жылдық үлкен талдар отырғызылады.
Айта кетейік, «Жасыл белдеу» – қаланы көгалдандыру және жасыл аймақ құрудың өңірлік жоспары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанаға 400 автобус пен 900-ден астам жүргізуші жетпейді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы