Таразда зақымдалған электр желілері қалпына келтіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір қаланың барлық аумағында құлаған талдарды алу жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан үзілген, зақымдалған электр желілері қалпына келтірілуде.

Дүлей дауылдан соң қаланың Қант зауыты, Барысхан алқаптары, 15 және 13 мөлтек аудандары мен «Арай», «Көктем» иіндері, «Тайвань» ауданы мен Ы.Сүлейменов көшесінің соңы, 28 саяжай мен шағын аудандардағы кейбір тұрғын үйлерінде жарық жоқ. 

Апаттық бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы