Таразда валюталық заңнаманы бұзған фирмаға 25 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Тараздың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты валютаны репатриациялау талаптарын бұзған жергілікті ЖШС-ге айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс материалдарына сәйкес, компания 2016 жылы Ұлыбританияның «DSL» фирмасымен 50 млн АҚШ долларына шарт жасаған. Жеткізілген тауар үшін бейрезидент тек 768 мың доллардың бір бөлігін ғана өтеп, 2020 жылы 420 мың доллар аударған. Қалған сома уәкілетті банктердегі шоттарға түспей, репатриация мерзімі бұзылған.

Сот ӘҚБтК-нің 251-бабына сәйкес, есепке алынбаған қаржының 20%-ы мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын атап өтті. Құқықбұзушылық алғаш рет тіркелгендіктен, айыппұл көлемі 30%-ға азайтылды. Соған қарамастан, кәсіпорын 25,2 млн теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы