Таразда үшем дүниеге келді

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Саида Абитова үшемдерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сәбилердің салмағы 1580,0, 1566,0 екі ұл және 1830,0 грамм болатын қыз баланың денсаулықтары жақсы. Алғашқы 24 сағат ішінде жаңа туған нәрестелерге қарқынды терапия тағайындалып, нәрестелер неонатология бөлімінде анасымен бірге болды.

Облыстық перинаталдық орталық мамандары атап өткендей, жаңа туған анаға нәрестелерді күту, шомылдыру, ана сүтімен тамақтандыру және басқалары үйретілді. Сәбилер бүгінде біраз салмақ қосып, әлдене бастады.

Үшемдерге Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер берілді.
Бақытты ана мен балалар бүгін үйлеріне шығарылды. Мерекелік шығару рәсімін анасы тіркелген «Жансая емханасы» ұжымы ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы
Өзгелердің жаңалығы