Таразда түнгі уақытта оқу-жаттығу өтті
Жамбыл облысында түнгі уақытта оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар Төтенше жағдайлар министрлігі гарнизондарының өрттерді сөндіруге және олардың салдарын жоюға дайындығын арттыруға, жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік беретін басшы құрамның тактикалық даярлығының ең жоғары түрі болып табылады.
Бастысы, өрт кезінде түрлі жағдайларда күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыруды практикалық тұрғыдан оқыту, бөлімшелердің жеке құрамы мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының тактикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласындағы ерекше қабілеті жоғары балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында түнгі уақытта жоспардан тыс өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 38 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, өрт аталған оқу орнының мәжіліс залында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде туындаған. Шартты оқиға орнында өртті сөндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Өрт сөндірушілердің жедел және сауатты жүргізген әрекеттерінің нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер тіркелмеген. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жеке құраммен шараның нәтижелері талқыланды.