Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызылды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы биыл да өз жалғасын табуда. Акция аясында Таразда қала әкімдігінң бөлімдері «Ұлы Дала» (15) шағын ауданына 260 түп тал екті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар сонымен қатар «Ұлы Дала» (15) шағын ауданындағы 64 мектеп алдындағы скверге ағаш отырғызды. Іс-шараға қала әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары, құрылыс бөлімдері жұмылдырылды.
Отырғызылған көшеттердің 64-і талшын (каштан), 64-і күл ағашы (ясень), 66-сы сирень және 66-сы раушан гүлі, – деп жазылған мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы