Таразда "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" экологиялық науқаны қарқын алуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны Тараз қаласында қарқын алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айталық, аталған акция шеңберінде «Мамыр» саябағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Іс-шараға «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің қызметкерлері, «Жасыл-ел» еңбек жасақтары мен белсенді жастар қатысып, «Мамыр» саябағындағы арықтарды, жаяу жүргіншілер жолын  және тоғай ішіндегі «Сенкібай» каналының бойын күл-қоқыстардан тазартып, талдарды балақтады. 

Сондай-ақ, сынған қоқыс жәшіктері  мен орындықтарды ретке келтірді. 

Тазалық шарасына жалпы саны 100-ден аса адам мен 10 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тараз қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы