Таразда "Сыбайлас жемқорлықсыз ел - өркендеуші ел" атты форум өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында қатысушылар академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Жемқорлыққа қарсы қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша әртүрлі ақпараттық-түсіндіру, білім беру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру сынды шаралардың өткізілуі еліміздегі осы індетті жойылуына ықпал ететіні сөзсіз, - деді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев.
Оның сөзінше, департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мәселесінде бірнеше қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатқан.
Protecting Business and Investments - инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қолдауға, қорғауға бағытталған жоба. Шетелдік және отандық инвесторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау көрсету туралы жалпы сомасы 366 млрд теңгені құрайтын 26 келісімге қол қойды. Шетелдік инвесторлар қатарында Германия, Иран, Чехия, Қытай елдері бар. Жоба аясында 17 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, - деді департамент басшысы.
Ә.Әшірбаевтың айтуынша "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы - мемлекет қаражатының ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Департамент облыстағы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты байланыс орнату арқылы оларға бағынысты 900 мекеме өз бюджеттері туралы мәліметтерді Картаға толық енгізді.
Карта арқылы, ата-аналардан негізсіз ақша жинау, көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату, бөлінген қаражат туралы ақпараттың қолжетімсіздігі, мемлекеттік мекемемен кері байланысының қиындығы,тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы байланыстың жабықтығы, жұмыстың аяқталу мерзімі мен көлемінің беймәлімдігі т.с.с. мәселелердің алдын алып, жоюға жол береді, - деді Әшірбаев.
Сонымен қатар, форум аясында қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлесін қосқан қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен еңбек ұжымдары марапатталып, қайырымдылық көрмесі де өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің басым бөлігін қалың тұман басады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы