Таразда шектеулер толық алынбайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай әлі де бірқатар шектеуді қажет етіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты облыс орталығында демалыс күндері қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтаған. 

Қалаішілік автобустар жұмыс күндері таңғы сағат 7:00 мен 10:00 аралығында және кешкі 17:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Айта кету керек, бұл күндері өңірдің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сауда орындарының жұмыс істеуіне де тыйым салынған.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы