Таразда ҚАЖ қызметкерлері қару толған қапшық тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері Тараз қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, шаһардағы Асқаров көшесінде орналасқан тері-венерологиялық диспансерінің артқы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың ішінен полиэтиленді қапшық тауып, тәркіледі.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тәркіленген қапшықтың ішінен ПМ № ЛС5448 бір оққабы және 16 калибрлі 9 мм патрондар, 16 калибрлі № 6516 бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ ГСЗ-15/49-12 көзден жас ағызатын жарық-дыбыс гранатасы бар екендігі анықталды. 

Айта кетейік, бұл қарулардың барлығы дерлік қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы