Таразда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев хабарлады.

Оның айтуынша, Жамбыл облысының Шу станциясындағы көлік полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде «Құмөзек-Шу» аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында АКС-74У маркалы автомат пен 5,45 мм калибрлі 19 патрон тауып, тәркіледі.

Тексеру барысында автоматтың Тараз қаласында қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Жамбыл облысы полиция департаменті ғимаратынан  ұрланғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша ҚК-нiң 287-бабы 3-бөлігі, яғни қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды деп түйіндеді сөзін полиция генерал-майоры.

Сотқа дейінгі тергеу органы қару мен оқ-дәрілерді ұрлауға және заңсыз сақтауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін шаралар қабылдауда, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы