2 Қыркүйек 2025 2025, 10:51
Фото: - архив
Таразда пышақ жарақатын алған оқушы көз жұмды
Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшсі.
Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшсі.
Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.