Таразда өзгенің ақшасын өз шотына аударған жігіт ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында«Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын ұстады.
"Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу немесе телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық)", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Самара-Шымкент автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы