Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде "Әулие -Ата" халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонды. Оның бортында 106 адам, оның ішінде 91 Қазақстан азаматы және 15 Қырғызстан азаматы болды.
Барлық жұмылдырылатын қызметтерге алдын ала ескертіліп, жолаушыларды қабылдауға дайындалды. Қауіпсіздік мақсатында арнайы киім киген медицина қызметкерлері әр жолаушыны мұқият тексеріп шықты.
Тікелей ұшу жолағынан келгендердің барлығы автобустарға отырғызылды. Медициналық және полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен олар карантиндік стационарға жеткізіліп, жатқызылды. Дене қызуларының көтерілуіне байланысты ҚР екі азаматы провизорлық стационарға орналастырылды. Барлық жолаушылардан талдаулар алынып, зертханалық зерттеуге жіберілді. Теріс нәтиже болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша 14 күндік үй карантиніне алынады, - делінген Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, жолаушылардың барлық жеке заттары, автобустар мен жедел жәрдем көлігі дезинфекциядан өтті. Ал, Қырғызстан Республикасының азаматтары арнайы автокөлікпен өз Отанына жөнелтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлгінов супермаркеттер мен базарлардың жұмысын тексерді
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы