Таразда нан қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Қазір 90 теңгеден сатылып жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты өндірістегі жағдай тексерілген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мамандар бұл жолы қымбаттауға негіз бар деген шешімге келген. Бағаның өсуіне солтүстік өңірдегі бидай мен бірінші сұрыпты ұнның қымбаттауы әсер еткен. Бидай 75-тен 95-ке, ал ұн 110-нан 125 теңгеге дейін өскен. Соңғы екі жылда нан бағасын өсірмеу үшін наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 3,5 мың тонна ұн төмен бағамен беріліп келген. Соның арқасында аймақта 2 жыл бойы нан құны 85 теңгеден аспаған.
Облыста өндірілетін бидай сапасы бойынша сәйкес келмейді. Сәйкесінше осыған байланысты облыстағы нан бағасы солтүстік өңірден сатып алынатын ұн және бидай бағасына тәуелді болып келеді. Алдағы уақытта нан бағасы 90 теңге көлемінде ұсталып тұратын болады. Бұл бағытта тұрақтандыру қорынан алдағы уақытта жергілікті бюджеттен қосымша қаржы сұратылып, нан бағасын ұстау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлебек Құлекеев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада киберспорттан Қазақстан кубогі өтеді
Өзгелердің жаңалығы