Таразда мемлекеттік қызметшінің баспана кезегінен заңсыз шығарылғаны анықталды
Сот мемлекеттік қызметшінің тұрғын үй алу кезегін қалпына келтірді
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматтың Тараз қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімі мен «Отбасы банк» АҚ-на қатысты тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану және тұрғын үй алу кезегін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
Белгілі болғандай, талап қоюшы 2017 жылғы желтоқсаннан бастап «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған.
2024 жылғы қарашада тұрғын үй комиссиясының шешімімен ол тұрғылықты жері бойынша тіркеудің өзгеруіне байланысты кезектен шығарылған.
Сот тіркеудің өзгеруі Тараздағы тұрғын үйдің сатылуына байланысты талап қоюшының Жуалы ауданында тіркелуге мәжбүр болғанын анықтады.
Сотта талап қоюшының жеке тұрғын үйі жоқ екені, мемлекеттік қызметші қызметін жалғастырып жатқаны, оның санаты өзгермегені, ал тұрғын үйге деген қажеттіліктің сақталғаны расталды.
Тіркеудің өзгеруі талап қоюшының басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткенін білдірмейді және оны кезектен шығаруға негіз болып табылмайды. Сот шешімімен тұрғын үй комиссиясы хаттамасының талап қоюшыны кезектен шығаруға қатысты бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылды. Жауапкерлерге талап қоюшыны бастапқы күні – 2017 жылғы желтоқсан айымен тұрғын үй кезегін қалпына келтіру міндеті жүктелді, - деп жазылған Жамбыл облысы сотының хабарламасында.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін мамыр айынан бері 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылғаны хабарланды.
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026
- Қанат Көпбаев: Көшпенділер ойындарындағы жеңіс – ұлттық спорттың биік деңгейін көрсететін маңызды жетістік 11.09.2026
- Алатау қаласын дамытуға жасанды интеллект қолданылады 11.09.2026