Таразда маман АӘК алуға жәрдемдескені үшін пара алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі.
Ол азаматтан атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық қамау қолданылмады, - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Отандық өнім мен өндірушілерге қолдау – ел дамуына қолдау
Өзгелердің жаңалығы